jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Хасан Қасымбаев ісі бойынша айып тағылған басқа тұлғаларға сот қандай жаза кесті

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: Рolisia.kz

    Алматы облысы соттарының баспасөз қызметі Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша тағы бес адамға шыққан сот үкімін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Талғар аудандық сотының үкімімен:

    К.Х. – Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі, 125-бабы 2-бөлігінің 1), 3) тармақшалары, 28-бабы 3-бөлігі, 106-бабы 2-бөлігінің 3), 5), 7) тармақшалары, 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақшалары бойынша (адам ұрлауды, қасақана ауыр зиян келтіруді, қорқытып алушылықты ұйымдастырғаны үшін) жауапқа тартылды;

    Қ., Ақ., Ал., Ас., С. – Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1), 3) тармақшалары, 106-бабы 2-бөлігінің 3), 5), 7) тармақшалары бойынша (адам ұрлау және қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) айыпталды.

    Мәліметке сәйкес, сотта К.Х. басқа сотталушылармен алдын ала сөз байласып, азамат А.-ға қатысты күш қолдана отырып шабуыл ұйымдастырғаны анықталған.

    Айыпталушылар Қ., Ақ., Ал., Ас., С. жәбірленуші А.-ны күштеп көлікке отырғызып, елді мекеннен тыс жерге апарып, соққыға жыққан.

    Нәтижесінде жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілген.

    Бұдан бөлек, К.Х. басқа тұлғалармен бірге азамат Т.-дан 1 000 000 теңге көлемінде ақша қаражатын күш қолдана отырып қорқытып алған.

    Айыпталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен, беттестіру нәтижелерімен және сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.

    ️Жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ айыпталушылардың жеке тұлғасын ескере отырып, сот келесідей жаза тағайындады:

    К.Х. – ұйымдастырушы ретінде 12 жыл бас бостандығынан айырылды.

    Қ. – бұрын ауыр қылмыс (бұзақылық) үшін сотталғанын ескере отырып, 9 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

    Ақ. – бұрын ауыр қылмыс (бұзақылық) үшін сотталғанын ескере отырып, 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

    С. – бұрын аса ауыр қылмыс (кісіөлтіру) үшін сотталғанын ескере отырып, 22 жыл бас бостандығынан айырылды.

    Ал. және Ас. – бұрын сотталмаған, 8 жыл бас бостандығынан айырылды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Хасан Қасымбаев ісі бойынша айып тағылған басқа тұлғаларға сот қандай жаза кесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.