jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында бір топ адам рұқсат етілмеген жиналысқа қатысқан: 12 адам қамауға алынды

    Сіріңке
    Сіріңке. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысында бір топ азамат шет мемлекеттің туы мен басшысының портретін өртеп жіберді. 18 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, 13 қарашада Алматы облысының Ұйғыр ауданында бір топ азамат рұқсат етілмеген басқосуға жиналған. Олар заңсыз әрекеттерге барған, атап айтқанда шетелдің мемлекеттік туы мен сол еддің басшысының суретін өртеп жіберген.

    "Сот іс материалдарымен танысып, соның нәтижесінде 12 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынды.

    Сондай-ақ алты қатысушының әрқайсысына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті өкілдері.

    Одан бөлек бұл оқиға бойынша араздық тудыруға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

    Полиция өкілдерінің сөзінше, мемлекеттік рәміздерге қатысты кез келген теріс әрекет, сондай-ақ алауыздық тудырған, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған әрекеттер заңды өрескел бұзушылық болып саналады және қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес жазаланады.

    Алматы облысында бір топ адам рұқсат етілмеген жиналысқа қатысқан: 12 адам қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.