jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізді": Биволдың бұрынғы әйеліне қатысты Ресей ішкі істер министрлігі тексеру жұмыстарын бастады

    Дмитрий мен Екатерина Бивол
    Дмитрий мен Екатерина Бивол. Фото: instagram.com/bivol_kate

    Ресей Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволдың Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындары туралы айтқан сөздеріне қатысты тексеру жүргізуді бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

    Басылымның хабарлауынша, Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі желіде қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізетін видео жарияланғаннан кейін Ресей Ішкі істер министрлігі оған қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Онда полиция өкілдері Ресейде қылмыстық іс қозғауы мүмкін екені айтылған.

    Бұл туралы басылымға РФ ІІМ азаматтық қоғам институттарымен және БАҚ-пен өзара іс-қимыл департаменті өкілдері хабарлаған.

    "Өтініште көрсетілген мән-жайлар бойынша Ресей Ішкі істер министрлігінің Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысы бойынша Бас басқармасы тиісті тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймыз", - дейді департамент басшысының орынбасары Евгений Артемов.

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға іздеу жариялады.

    Сондай-ақ бұған дейін Бішкек қалалық соты да боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды сырттай қамауға алу туралы шешім шығарып, халықаралық іздеу жариялады. Әлеуметтік желілерде әйелдің қырғыз халқын балағаттаған видеолары тарап, ел ашуын тудырған еді.

    "Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізді": Биволдың бұрынғы әйеліне қатысты Ресей ішкі істер министрлігі тексеру жұмыстарын бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.