jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде 14 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапты

    Қолында пышағы бар ер адам
    Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: natasaadzic/Getty Images

    Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Облыстық полицияның баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдіктінің аты-жөні дереу анықталды. Қазіргі уақытта оны жедел қамауға алу үшін бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жарияланбады.

    Полицейлер азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға шақырды.

    Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде 14 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.