Ақмола облысындағы 14 жастағы қыздың өлімі: күдіктіні ұстаған сәттен видео жарияланды
Опубликовано:
Ақмола облысында 14 жастағы қызды өлтірді деп күдікке ілінген адамды ұстаған сәттен видео жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі қызметкерлері Ақмола облысында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген адамды бір тәулікке жетпей Родина ауылының маңынан ұстаған. Полиция қызметкерлерінің күдіктіні ұстаған сәтінен видео Telegram желісіндегі Polisa.kz арнасында жарияланды.
Еске сала кетейік, жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмған еді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2309763-aqmola-oblysyndagy-14-zhastagy-qyzdyng-olimi-kudiktini-ustagan-satten-video-zhariialandy/