jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ақтөбе облысында оқушының жүкті екенін аңғармаған қызметкерлер жазаланды

    Қолын көтеріп отырған оқушы және мұғалім
    Қолын көтеріп отырған оқушы және мұғалім. Көрнекі фото: getty/stock photo

    Ақтөбе облысында тоғыз ай бойы мектеп оқушысының жүкті екенін аңғармағандар жазаланды. Білім саласына жауапты басшы жұмыстан қуылса, аудан әкімінен бастап, бірнеше лауазымды тұлға қатаң сөгіс алған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Аудандық аурухана басшысын және 14 жастағы оқушы білім алған мектеп директорын қызметтен босату мәселесі де қаралып жатыр, дейді Астанаға келіп жылдық есебін берген Ақтөбе облысының әкімі.

    Облыстық білім басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасының басшыларына да қатаң сөгіс жарияланған.

    Айта кетелік, бұл оқиға бір ай бұрын облыстағы ауылдардың бірінде болған. 14 жастағы қыз мектепте жүріп, іші қатты ауырып, дәрігер шақыртқан. Тексерген кезде оның толғағы ұстап, босанғалы тұрғаны анықталған. Бұған дейін оқушы үш рет медициналық тексеруден өткенімен, дәрігерлер оның жүкті екенін байқамаған.

    Тергеу кезінде оқушыға зорлық көрсеткен әжесінің азаматтық некедегі күйеуі болып шықты. Қазір айуандыққа барған 64 жастағы зейнеткер қамауда отыр.

    "Бізде бірнеше қызметкер жұмыстан босатылды. Аудандық білім бөлімі басшысынан бастап, осыған қатысты қызметкерлерге шара қолдандық. Қызметкерлерді жұмыстан шығарып, осымен шектелмейміз. Жүйелі түрде жұмысын қадағалауымыз керек", - дейді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Ақтөбе облысында оқушының жүкті екенін аңғармаған қызметкерлер жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.