Алматыда бос ғимараттың ішінен Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруы табылды
Опубликовано:
Алматы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен жедел тергеу тобы және прокоратураның сотқа дейінгі тергеу басқармасы Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруын тапты. Бұл туралы Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, Алматының Жетісу ауданына қарасты Жансүгіров көшесінің бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінен тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы табылған.
Тексеру барысында бұл 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы қару-жарақ дүкенінен жоғалып кеткен қару екені белгілі болған.
Аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетелік, бұған дейін де Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған 6 қару және полицияның арнайы жабдықтары табылғанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2311137-almatyda-bos-gimarattyng-ishinen-qangtar-oqigasy-kezinde-urlangan-atys-qaruy-tabyldy/