jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ҰҚК Қазақстанның төрт қаласында операция жүргізіп, алты адамды ұстады

    кісен ұстап тұрған полицей
    Кісен. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Биыл қарашада Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысы ұсталған. Бұл туралы ҰҚК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Тергеу болжамына сәйкес, олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан", - делінген хабарламада.

    ҰҚК-нің мәліметінше, тінту барысында күдіктілерден атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиет тәркіленген. Сот санкциясымен олар қамауға алынған.

    ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

    Сонымен қатар 3 қарашада осындай қылмысы үшін – терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Үкім заңды күшіне енген.

    Ведомство келтірген деректерге сүйенсек, жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.

    ҰҚК Қазақстанның төрт қаласында операция жүргізіп, алты адамды ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.