jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежінің жүргізушілері жазаланды (видео)

    Жүргізушілер ұсталды
    Жүргізушілер ұсталды. Видеодан кадр: Polisia.kz

    Түркістан облысының полицейлері өңірлік тасжолдардың бірінде жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің 4 жүргізушісін ұстап, оларды жауапкершілікке тартты. Бұл туралы ІІМ ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшылары Toyota Land Cruiser, JAC, ВАЗ-2115 және ВАЗ-21099 маркалы көліктердің жүргізушілерін анықтап, оларды жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты. Жүргізушілерге жол-көлік оқиғасына әсер етуі мүмкін қауіпті жағдай туғызғаны, жол белгілерінің талаптарын орындамағаны және өзге көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасағаны үшін шаралар қолданылды.

    "Құқық бұзушылардан "стробоскоп" құрылғысы тәркіленді. Оларға көлік құралдарына арнайы жарық және (немесе) дыбыс белгі беру құрылғыларын заңсыз орнату, сондай-ақ жедел және қызметтік автокөліктерге арналған түрлі түсті жарқылдауық құрылғысын заңсыз қолдану бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. Көліктер арнайы айыптұраққа қойылды", - делінген полиция хабарламасында.

    Полицейлер жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

    Тәртіп сақшылары азаматтарды жолда жауапты болып, заң талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырды.

    Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежінің жүргізушілері жазаланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.