jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікпен танымал видеограф ұсталды

    Қолына кісен салынған ер адам
    Қолына кісен салынған айыпталушы. Көрнекі фото: freepik.com

    Желіде Маңыстау облысында танымал видеографтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Өңірлік полиция департаментінің өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, мән-жайды айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео маманның ұсталғаны туралы ақпаратты жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев бөлісті.

    "Дронмен жұмыс істейтін менің видеограф танысымның қамауға алынғанын, ол туралы қорқынышты мәліметтерді білдім (барлығы әлеуметтік желіден жойылған, тіпті іздемей-ақ қойсаңыздар болады), көбісі оны жақсы таниды, көп адамға әлеуметтік желіге салу үшін әдемі видеолар түсірген, парақшалар мен жаңалықтар сайттары оның роликтерін жариялаған... Ал бүгін ол туралы жаңалықты естіп, денем түршігіп кетті, оны екі апта бұрын зорлық күдігімен қамауға алыпты, бірақ жағдайдың егжей-тегжейін білген сайын, соғұрлым есімнен тана жаздадым. Кейбір дереккөздер арыз-шағымдар кәмелетке толмаған ұл балалардың (олардың біреуі 13 жаста көрінеді) атынан түскенін нақтылайды, кәмелетке толмаған балалар оны айналшықтап жүретін, мобилографияны үйренемін деп, әрине", - деп жазды желі белсендісі Instagram-дағы парақшасында.

    Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне оқиғаға қатысты пікір білдірді. Тәртіп сақшылары 4 қарашада полицияға кәмелетке толмағаннан өзіне қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арыз-шағым түскенін хабарлады.

    "Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды және сот шешімі бойынша екі ай мерзімге тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Полиция органдары қажетті тергеу және процестік іс-шаралардың толық кешенін жүзеге асыратын болады. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, мұқият зерделенеді, арызда келтірілген жайттар тексеріледі, тиісті сараптамалар тағайындалады", - делінген түсініктемеде.

    Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікпен танымал видеограф ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.