Абай облысында ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды
Опубликовано:
Абай облысында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды, деп хабарлайды Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Үржар аудандық прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтаған.
Прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеп, материалдар процестік шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жолданған.
Сот үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабы бойынша (алаяқтық) 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелене алмайды.
Сот үкімі заңды күшіне енген. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2313762-abai-oblysynda-auyldyq-okrugting-buryngy-akimi-sottaldy/