Қаңтар оқиғасы: Алматыда тағы 29 адамға үкім шықты
Опубликовано:
Алматыда Қаңтар оқиғасы бойынша жабық сот талқылауы аяқталды. Іс бойынша Алматы қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 29 айыпталушыға үкім шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған агенттіктің жазуынша, айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің әртүрлі бабы бойынша, атап айтқанда:
- ҚК-нің 262-бабы 2-бөлігі (ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу);
- ҚК-нің 268-бабы 2-бөлігі (бандитизм);
- ҚК-нің 272-бабы 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздікке қатысу);
- ҚК-нің 125-бабы 3-бөлігі (адам ұрлау);
- ҚК-нің 126-бабы 3-бөлігі (бас бостандығынан заңсыз айыру);
- ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігі (көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз айдап кету);
- ҚК-нің 287-бабы 4, 5-бөліктері (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша кінәлі деп танылған.
Істі қарау нәтижелері бойынша сотталушыларға 3 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.
Екі адам жазаны іс жүзінде өтеуіне байланысты жазаны өтеуден босатылған. Үкім заңды күшіне енбеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2313843-qangtar-oqigasy-almatyda-tagy-29-adamga-ukim-shyqty/