jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Стамбұлда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды

    Күдікті әйел
    Ұсталған күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Стамбұлда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды. Ол елордадағы дүкендердің бірінен зергерлік бұйымдарды ұрлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен, Стамбұлда ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел ұсталған.

    "2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы маусымға дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, ол жалпы құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен", - делінген хабарламада.

    27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынған.

    Стамбұлда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.