jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда "болашақ күйеуіне" көмектеспек болған үш бойжеткен сан соғып қалды

    Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет
    Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алматы соты алаяқтық жасап, өзгеге қол көтерді деп айыпталған ер адамға үкім шығарды. Оның әрекеттерінен үш бойжеткен мен бір жас жігіт зардап шеккен, деп хабарлайды қалалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы соттарының Telegram-арнасында хабарланғандай, Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында И.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Тағылған айыптар

    Азаматқа қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1), 4) тармақтарына сәйкес алаяқтық дерегі бойынша және Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1-бөлігіне сәйкес ұрып-соғу дерегі бойынша айып тағылды.

    Тергеу барысында И.-дің үш бойжеткенді алдап, оларға үйленуге уәде беріп, бизнес ашу, жалған қарыздарды қайтару, шұғыл шығындарды қажет ететін жағдайлар секілді әр түрлі сылтаулар айтып, олардың ақшалай қаражаттарын иемденгені анықталды.

    Жәбірленушілер И.-ге сеніп, екінші деңгейлі банктерден және микрокредиттік ұйымдардан өз аттарына несие рәсімдеп, жинаған қаражаттарын болашақ некеге және бірге өмір сүруге бердік деген оймен оған табыстаған.

    Сонымен қатар жәбірленушілердің бірімен болған жанжал барысында И. оған бірнеше рет соққы жасаған. Абырой болғанда, зардап шегуші соққылардан ауыр жарақат алмаған.

    Сондай-ақ алданғандардың бірі жәбірленуші бойжеткеннің танысы болған, оған сотталушы автокөлікті есепке қоюға көмектесемін деп уәде берген. И. жәбірленушіден шығындарды жабуға қажет деп ақша алып, оның қаражатын қалтасына басқан.

    Жалпы алаяқтықтың төрт эпизоды және ұрып-соғудың бір эпизоды анықталып отыр.

    Өз кінәсін ішінара мойындаған сотталушы куәгерлердің айғақтарына, қаржылық құжаттарға, сот-медициналық сараптама қорытындысына және жәбірленушілердің несие міндеттемелеріне қатысты банк мәліметтеріне сәйкес толықтай кінәлі деп танылды.

    Жәбірленушілер келтірілген залалды өндіруді және сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

    Прокурор болса:

    • қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық жұмыстарға тартуды;
    • қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

    Сот шешімі

    Сот үкімімен И. қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1), 4) тармақтары және 109-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған қылмыстар жиынтығы бойынша 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Алматыда "болашақ күйеуіне" көмектеспек болған үш бойжеткен сан соғып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.