jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жетісуда мектептердің жертөлесінде оқушы денсаулығына қауіпті қалдықтар сақталып келген

    жарық шамдар
    Жарық шамдары. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жетісу облысы Алакөл ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінің жертөлесінен оқушылардың денсаулығына қауіп төндіретін сынапты лампаларды анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

    Жетісу облысы Алакөл ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінде қауіпті қалдықтарды пайдалану, сақтау және кәдеге жарату кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

    Талдау барысында бірқатар мектеп пен мемлекеттік балабақшада 436 дана істен шыққан сынапты лампа ұзақ уақыт бойы қоймалар мен жертөлелерде сақталғаны анықталды.

    Бұл оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

    "Заңбұзушылықтар толығымен жойылды. Қауіпті қалдықтар белгіленген тәртіппен шығарылды. Осылайша 3 458 азаматтың, оның ішінде 2 947 оқушының және 511 қызметкердің құқықтары қорғалды", - делінген хабарламада.

    Жетісуда мектептердің жертөлесінде оқушы денсаулығына қауіпті қалдықтар сақталып келген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.