Жамбыл облысында алтын өндіретін кәсіпорын аумағына заңсыз кірген 28 адам сот алдына келді
Опубликовано:
Мойынқұм аудандық сотында күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру фактісі бойынша 28 азаматқа қатысты 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Бұл туралы Жамблы облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотта 2025 жылғы мамыр мен қараша аралығында Мойынқұм ауданындағы жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге жататын алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына 28 азаматтың заңсыз кіргені анықталған.
Сотта барлық құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген.
Әрқайсысының кінәсі түсініктемелерімен, полиция қызметкерлерінің және компанияның лауазымды тұлғалардың баянаттарымен дәлелденген.
ӘҚБтК 506-бабының санкциясы бойынша жасалған құқық бұзушылық үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған.
Сот қаулыларымен барлық 28 азамат ӘҚБтК-нің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылған.
20 құқық бұзушыға сот жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл сомасын 41 мың теңгеге дейін төмендеткен (30 пайыз). 4 азаматқа сот 58 мың теңге көлемінде айыппұл белгілеген, ал 4 азамат 15 тәулік мерзімге қамаққа алынған.
Сот қаулылары заңды күшіне енген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2318810-zhambyl-oblysynda-altyn-ondiretin-kasiporyn-aumagyna-zangsyz-kirgen-28-adamga-sot-ukimi-shyqty/