jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бестеректегі төрт баланың өмірін қиған жол апаты: жүргізуші сотта іс бойынша жауап берді

    Бестерек ауылы
    Бестерек ауылы. Видеодан кадр: КТК телернасы

    Семейде Бестеректегі төрт баланың өмірін қиған жол апатына қатысты іс сотта қаралып жатыр. Айыпталушы 55 жастағы жүргізуші сотта жауап берді, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарна тілшісінің хабарлауынша, жүргізуші көлік тізгінінде талмасы ұстап қалғанын айтты. Сол себепті аулада ойнап жүрген алты баланы қаққанын білмеген. Есін тек полиция бөлімшесінде жиған.

    Мұны естіген марқұм бүлдіршіннің ата-анасы денсаулығында кінәрат бар адамға көлік басқару куәлігін бергендерді де жазалауды талап етуде.

    "2013 жылы эпилепция дертімен ауырғаны белгілі болса да, 2020 жылы көлік жүргізуші куәлігін алғанда тиісті мекемелер, яғни медициналық мекемелер анықтама берген, денсаулығында еш ақау жоқ деп. Соған байланысты бұл кісі көлік жүргізуді әрі қарай жалғастырған. Нәтижесінде төрт баланың өмірін қиды. Енді күтетініміз — әділ сот", - дейді жәбірленуші Ернар Бұланбаев.

    Сотта белгілі болғандай, айыпталушы Бестерек ауылынан аудан орталығына бара жатқан. Кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    "Үржар ауданында болған көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Жәбірленушілер материалдық және моральдық залалды өндіріп алу туралы азамат талабын қойды. Сотталушы айыбын толық мойындап отыр", - деді Абай облысы прокурорының көмекшісі Әділжан Шарапиев.

    Дереккөз: КТК

    Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 19 тамызда Үржар ауданы Бестерек ауылында болған.

    Көлік тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші аулада жүрген алты баланы қағып кеткен. Оқиға орынында екі бала көз жұмды. Ал тағы біреуі жедел жәдел жәрдем көлігінде жан тапсырған. 9 жастағы қыз Семейдегі ауруханада көз жұмды. Екі отбасының баласы ауылға қыдырып барғаны белгілі болды.

    Бестеректегі төрт баланың өмірін қиған жол апаты: жүргізуші сотта іс бойынша жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.