"Телефонға алаңдаған": Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Алматыда автобус жүргізушісі телефонға алаңдаймын деп, жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргінші қызды қағып кетті. Жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы кеше, 9 желтоқсанда сағат 10:54-те Алмалы ауданында тіркелгенін хабарлады.
"Төле би даңғылының бойымен батыс бағытта келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесінің қиылысында 2007 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қыз белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өтіп бара жатқан. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді", - деді полиция өкілдері.
Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлердің мәліметінше, автобус жүргізушісі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Жүргізушінің телефонға алаңдауына жол берілмейді, әсіресе оларға жолаушыларды тасымалдау сеніп тапсырылған болса. Әр жүргізуші назарын толықтай жолға қою керек, өйткені олардың қолында көптеген адамның өмірі тұр.
Алматы полициясы тағы да барлық қоғамдық көлік пен жеке көлік жүргізушілерін мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндірмеуге шақырады", - деді Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серік Шумаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2318921-telefonga-alangdagan-almatyda-avtobus-zhaiau-zhurginshini-qagyp-ketti-video/