jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында адам пышақ жарақатын алды: қылмыстық іс қозғалды

    Пышақ ұстап тұрған ер адам
    Пышақ ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pexels.com

    Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында ер адам пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Астана вокзалында адамға пышақ жарақатын салу әрекеті бойынша желілік басқарма қылмыстық іс қозғады.

    Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.

    Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, жағдайы тұрақты.

    Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында адам пышақ жарақатын алды: қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.