jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Таразда университетке айыппұл салынды

    Университет аудиториясы
    Университет аудиториясы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Таразда университетке мемлекеттік органды хабардар етпей, құрылыс жүргізгені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 463-бабының 1-бөлігі (Міндетті хабарламаны жібермеу) бойынша университетке қатысты істі қарады.

    Соттың мәліметі бойынша, университет құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын хабардар етпей, қолданыстағы ғимаратқа екі қабатты жапсаржай салуды жүзеге асырған.

    "Кінә хаттамамен, өкілдің түсіндірмелерімен, тексеру тағайындау және нәтижелері туралы актілермен, уәкілетті органның хатымен және фотоматериалдармен дәлелденді.

    Сотта университет өкілі аталған фактілерді растап, кінәсін мойындады", - делінген хабарламада.

    Кодекстің 463-бабының 1-бөлігінің санкциясы коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

    Құқық бұзушылықтың сипатын, мүліктік жағдайын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот айыппұл сомасын 30 пайызға азайтты.

    Сот қаулысымен мекеме кінәлі деп танылды және оған 68 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Таразда университетке айыппұл салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.