"10 мың АҚШ долларын талап еткен": Қызылорда облысында полицейлер екі тұрғынды ұстады
Опубликовано:
Қызылорда облысында полицейлер жедел түрде қорқытып ақша алу дерегін әшкереледі, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының жазуынша, 6 желтоқсанда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Шиелі ауданының екі тұрғынын ұстаған.
Олар басқа облыстың тұрғындарынан 10 мың АҚШ долларын күш көрсету арқылы талап еткен деген күдікке ілінген.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2320061-10-myng-aqsh-dollaryn-talap-etken-qyzylorda-oblysynda-politseiler-eki-turgyndy-ustady/