Стоматологиядағы қыз баланың өлімі: Астанада анестезиологқа үкім жарияланды
Опубликовано:
Читать на русском
Бүгін Астанада жалпы анестезиямен тісін емдеткен соң көз жұмған 3 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша анестезиолог Аида Жұмағалиеваға сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Судья сот үкімін жариялады.
"Аида Жұмағалиеваны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, үш жыл бойы медициналық көмек немесе медициналық қызмет көрсетуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 2025 жылғы 23 маусымдағы "ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 1-тармағына сәйкес, Жұмағалиева негізгі жазасын өтеуден босатылсын", - деді судья.
Еске сала кетейік, прокурор анестезиологқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын және медициналық қызметпен айналысуға үш жылға тыйым салуды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жақында қабылданған рақымшылық туралы заңның сотталушыға қолданылуын да сұраған болатын.
Бұған дейін, айыпталушы анестезиолог өзін кінәлі деп санамайтынын және болған жағдайда қолынан келгеннің бәрін жасағанын мәлімдеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2323544-stomatologiiadagy-qyz-balanyng-olimi-astanada-anesteziologqa-ukim-zhariialandy/