jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атыраулықтар денесі өз үйінен табылған ерлі-зайыпты жұпты жер қойнына тапсырды

    Жаназа
    Жаназа. Фото: azh.kz

    Атырау облысы Жангелдин ауылында бұған дейін із-түзсіз жоғалды делінген, кейін өз үйінен өлі күйде табылған ерлі-зайыпты жұпты жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақжайық.

    Басылымның хабарлауынша, марқұмдармен қоштасуға туыстары, көршілері және ауыл тұрғындары келді.

    Жерлеу рәсімі таңертең ауыл зиратында өтті. Қайғы жамылған көпшілік көз жасын тыя алмады. Әкімдік мәлімдегендей, жерлеу рәсімін марқұмдардың туыстары өздері ұйымдастырған.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында полиция қызметкерлері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасын іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Полицияға Атырау қаласының тұрғыны 25 желтоқсанда ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен жүгінген.

    6 қаңтарда отбасының екі мүшесі, атап айтқанда ерлі-зайыпты Қарабалин Мақсот пен Өтешқалиева Нәсіп өз үйінде өлі табылған. Аталған оқиғаға қатысты "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Атыраулықтар денесі өз үйінен табылған ерлі-зайыпты жұпты жер қойнына тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.