jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс: прокурор айыпталушыға қандай жаза сұрады

    Прокуратура қызметкері
    Прокурор. Иллюстрациялық фото: facebook.com/GenProkRK

    Прокурор Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша айыптау актісін оқыды. Ол марқұмның күйеуіне 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Kazinform.

    Агенттік тілшісінің хабарлауынша, Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот отырысы Жетісу облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жалғасып жатыр. Тараптар бүгін қорытынды сөздерін айтады.

    Прокурор Нұржан Билибеков айыптау актісін оқып шықты.

    "Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес, айыпталушы А.Ж. орташа қауіпсіздіктегі түзеу колониясында 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Сондай-ақ, сотталушының сотқа дейінгі қамауда ұстау шарасын күшінде қалдыруды сұраймын", - деді прокурор.

    Қылмыстық кодекстің 98-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сотталушы кінәсі дәлелденсе, жәбірленушілерге ең төменгі айлық жалақының 30 есесі (117 060 теңге) көлемінде өтемақы төлеуге және сот-медициналық сараптама шығындарын мемлекетке 690 329 теңге көлемінде өтеуге міндеттеледі.

    Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс: прокурор айыпталушыға қандай жаза сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.