jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырау облысындағы бүтін бір отбасының жоғалуы: ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр

    жоғалған ерлі-зайыпты жұп
    Жоғалған ерлі-зайыпты жұп. Коллаж: NUR.KZ

    Атырау облысында Жангелдин ауылында із-түссіз жоғалып, кейін өз үйінен денесі табылған ерлі-зайыптыны өлтірген күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    "Күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл іске басқа адамдардың қатысы бар-жоғы да тексерілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Полиция желі қолданушыларын ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және сенімсіз немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауға тағы да шақырды.

    Еске сала кетейік, Атырау облысында 2025 жылдың соңында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасын полиция іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Полицияға 2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау қаласының тұрғыны жүгінген. Ол ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткенін айтқан.

    6 қаңтарда отбасының екі мүшесі, атап айтқанда ерлі-зайыпты Қарабалин Мақсот пен Өтешқалиева Нәсіп өз үйінде өлі табылған. Аталған оқиғаға қатысты "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Бүгін, 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ауыл халқы жер қойнына тапсырды.

    Одан бөлек, полиция қызметкерлері желідегі "хакер" атты белгісіз адамның Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған адамдардың жүрген жерін өз бетінше тапқаны туралы ақпаратын жоққа шығарды. Сондай-ақ аталған тұлғаға қатысты алаяқтық бабымен қозғалған төрт іс бойынша іздеу жарияланғаны хабарланды.

    Атырау облысындағы бүтін бір отбасының жоғалуы: ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.