jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қызылордада екі адам пышақ жарақатынан көз жұмды: күдікті ұсталды

    күдікті
    Күдіктіні қамау сәті. Видеодан кадр: Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі

    Қызылордада екі адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен көршісі қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылорда тұрғыны мен оның 34 жастағы қызы 7-нен 8 қаңтарға қараған түні пышақ жарақатынан қайтыс болды.

    Полицияға оқиға туралы марқұмдардың көршілері хабарлаған.

    Патрульдік полиция экипажы дереу оқиға орнына келіп, күдіктіні қылмыс үстінде ұстады. Ол жәбірленушілердің көршісі болып шықты.

    Адам өлтіру фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шарасы жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бақылауда ұстайды.

    Қызылордада екі адам пышақ жарақатынан көз жұмды: күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.