jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Атырау облысында бір отбасының жоғалып кетуі: күдіктіге қатысты бағдар жарияланды

    Сұлтан Сәрсемалиев
    Сұлтан Сәрсемалиев. Фото: qamqor.gov.kz

    Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты іс бойынша күдіктіге бағдар жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Порталда жарияланған мәлімет бойынша, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев 8 қаңтардан бері іздеуде.

    Іздестіру картасы
    Іздестіру картасы. Скриншот: qamqor.gov.kz

    "Туған күні: 1996 жылғы 24 сәуір, жынысы: ер, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ. Іздестіру ісі 2026 жылғы 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Бастамашы: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі. Іздеуді жүргізетін орган: Атырау облысының полиция департаменті", - делінген мәтінде.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасы іздестіріліп жатқаны белгілі болған еді.

    Облыстық ПД-ның мәліметінше, 2025 жылғы 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткенін айтқан.

    6 қаңтарда отбасының екі мүшесі, атап айтқанда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл мен қызы әлі іздестіріліп жатыр.

    Полиция ерлі-зайыптының өліміне қатысты "адам өлтіру белгілері" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, күдіктілердің жеке басы анықталғанын, қазіргі уақытта оларды іздеу және ұстау үшін тиісті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Кейінірек полиция өкілдері күдікті Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны екенін, оған іздеу жарияланғанын хабарлады.

    Сондай-ақ бұл іске басқа да адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылды.

    Атырау облысында бір отбасының жоғалып кетуі: күдіктіге қатысты бағдар жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.