"Төмен бағамен зергерлік бұйымдар алып беруге уәде берген": қазақстандық әйел Түркиядан жеткізілді
Опубликовано:
Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркиядан бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген Қазақстан азаматы елге қайтарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласының тұрғындарына зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беремін деп уәде беріп, алдау жолымен олардың қаражатын иемденген.
"Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 8 адам жапа шегіп, оларға жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгеге материалдық залал келген.
Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті ел аумағынан тыс жерге бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз