jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды (видео)

    ұстау
    Күдікті. Көрнекі фото: Finnbarr Webster/Getty Images

    Шымкенттен 10 шақырым жердегі ашық даладан 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Департаменттің мәліметінше, полиция қызметкерлері жедел тергеу іс-шаралары барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады.

    "Іздеу жұмыстарына қалалық полиция департаментінің барлық қызметкері қатысты. Қаланың кіреберіс және шығатын жерлерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, аумақ тексерілді.

    Күдікті қаладан шамамен 10 шақырым жердегі ашық даладан табылып, ұсталды", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

    28 жастағы қала тұрғыны қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұған дейін күдікті марқұмның танысы екені анықталған.

    Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады.

    Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар тергеу шаралары жүргізілуде.

    Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.