jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Хасан Қасымбаевқа қатысты іс: сотқа апелляциялық шағым түсті

    Хасан Қасымбаев
    Хасан Қасымбаев. Видеодан кадр: YouTube/ONews kz

    Алматы облыстық сотына Хасан Қасымбаев пен онымен бірге сотталған басқа да адамдарға қатысты іс бойынша апелляциялық шағым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ cот кабинетіне сілтеме жасап.

    Қылмыстық іс материалдары бүгін, 13 қаңтарда судьяға берілгені көрсетілген.

    Естеріңізге сала кетейік, Хасан Қасымбаевтың есімі БАҚ-та Талғардағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін айтыла бастады. Жергілікті тұрғындар желіде оны "Хуторские" қылмыстық тобымен байланыстырған еді. Алайда ІІМ бірінші вице-министрі Бауыржан Әленов бұл мәліметті растамай, "Хуторские" деген ұйымдасқан қылмыстық топтың жоқ екенін айтқан.

    Сот процесі 2025 жылдың 20 тамызында басталды. Хасан Қасымбаевқа адам ұрлады, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді және бопсалады деген айып тағылды. Онымен бірге тағы бес адам сотталды, олар: Руслан Алиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхамет Сұлтанбеков және Данияр Асқаров.

    22 тамызда прокурор Ерлан Құланбаев айыптау актісін жариялады. Кейін Хасан Қасымбаев кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

    11 қарашада іс бойынша сот үкімі шықты. Хасан Қасымбаевқа 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, басқа фигуранттар 8 жылдан 22 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

    Хасан Қасымбаевқа қатысты іс: сотқа апелляциялық шағым түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.