jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Пышақ іздері бар": Атырауда жоғалған отбасына қатысты іс бойынша тың дерек шықты

    Жоғалған ерлі-зайыпты
    Жоғалған ерлі-зайыпты. Коллаж: NUR.KZ

    Атырау облыстық полиция департаменті Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылындағы отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуы және ерлі-зайыпты зейнеткерлердің өліміне қатысты іс бойынша тың мәліметті жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, екі адамға халықаралық іздеу жарияланды.

    "Осы отбасының қызына сары бюллетень, яғни із-түссіз жоғалу дерегі бойынша, ал оның күйеуіне күдікті ретінде халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі таңда оларды табу және полиция бөліміне жеткізу шаралары жүргізілуде", - дейді ПД баспасөз хатшысы.

    Оларға қатысты SIM-карталары Қазақстанның әр жерінде қосылғаны туралы ақпарат бар.

    Сондай-ақ желіде ерлі-зайыптының тұншықтырылып өлтірілгені туралы ақпарат та тарады.

    "Алайда полиция тарабынан мәлімдейміз: олардың денесінде пышақ іздері бар, яғни шаншып-сұғу арқылы болған дене жарақаттары табылды. Полиция денелерді сот-медициналық сараптама жасатуға өткізді. Қазіргі таңда сарапшылардың жауабын күтіп отырмыз", - деді Мейірім Ердәулет.

    Оның сөзінше, бұл азаматтарға нақты қандай жарақат салынғаны, олардың өліміне не себеп болғаны, қай уақытта немесе қандай факторлардың әсерінен көз жұмғанын мамандар айтады. Сот-медициналық сараптамалардың белгіленген мерзімі, рәсімдері бар.

    Одан бөлек осы отбасының 32 жастағы мүшесі Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы Мирамгүл Қарабалинаны іздеу жұмыстары жалғасуда. Мирамгүл соңғы рет Атыраудағы бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған.

    "Нақты қандай камераға түсіп қалғанын, қандай ақпараттар бар екенін тергеу аясында жария ете алмаймыз" - деп атап өтті Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

    Полиция тағы да желі қолданушыларын ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға және жалған немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

    Еске сала кетейік, Атырау облысында 2025 жылдың соңында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасын полиция іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Полицияға 2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау қаласының тұрғыны жүгінген. Ол ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткенін айтқан.

    6 қаңтарда отбасының екі мүшесі, атап айтқанда ерлі-зайыпты Қарабалин Мақсот пен Өтешқалиева Нәсіп өз үйінде өлі табылған. Аталған оқиғаға қатысты "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ауыл халқы жер қойнына тапсырды.

    Одан бөлек, полиция қызметкерлері желідегі "хакер" атты белгісіз адамның Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған адамдардың жүрген жерін өз бетінше тапқаны туралы ақпаратын жоққа шығарды. Сондай-ақ аталған тұлғаға қатысты алаяқтық бабымен қозғалған төрт іс бойынша іздеу жарияланғаны хабарланды.

    Ал 12 қаңтарда Атырау облысындағы Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдікті мен олардың 30 жастағы қызына халықаралық іздеу жарияланғаны хабарланды.

    "Пышақ іздері бар": Атырауда жоғалған отбасына қатысты іс бойынша тың дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.