Шымкентте 21 жастағы қыздың өлімі: күдікті қамауға алынды
Опубликовано:
Читать на русском
Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты дерек бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Полиция марқұмның жақындары ұсынған барлық дәлел мен факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сотқа дейінгі тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі.
Қылмыстық істі тергеу барысы Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының жеке бақылауында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте 21 жастағы қыздың пышақ жарақатынан қаза тапқаны, күдіктінің іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.
Кейін күдікті қала аумағынан 10 шақырым жерде ұсталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2331808-shymkentte-21-zhastagy-qyzdyng-olimi-kudikti-qamauga-alyndy/