jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    21 жастағы Нұрайдың өлімі: Шымкент қаласы ПД бастығы мен бірқатар қызметкер жұмыстан босатылды

    Нұрлан Алмасбеков
    Нұрлан Алмасбеков. Фото: gov.kz

    Шымкент қаласы ПД бастығы Нұрлан Алмасбеков, оның бірінші орынбасары және бірқатар қызметкер 21 жастағы Нұрай Серікбайдің өлімінен соң жұмысынан қуылды. Бұл туралы ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, ІІМ жеке қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасы қызметкерлері қайтыс болған қыздың туыстары жазған арызды тиісті түрде қарастырмау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

    Қылмыстық іс аясында арызды қабылдау, толыққанды зерттеу және уақытылы әрекет ету бойынша барлық дәлел мен мән-жай жан-жақты тексерілмек.

    Тергеу нәтижелеріне сай, заңда қарастырылған тәртіпте лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

    "Бір уақытта қызметтік тергеу жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша басқару жауапкершілігіне сай тәртіптік шаралар жүзеге асырылады.

    Құқықтық тәртіпті тиісті дәрежеде қамтамасыз ете алмағаны үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастысы мен оның бірінші орынбасары, сонымен бірге бірнеше лауазымды тұлға ішкі істер органдарындағы лауазымды қызметінен босатылды.

    ІІМ заң бұзушылықтарға, оның ішінде зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің кез келген көріністеріне себеп болатын кез келген дерекке қатаң қарайды", - делінген ведомство хабарламасында.

    Сондай-ақ кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысы ІІМ бақылауында екені де айтылды. Тергеудің шынайылығы мен толыққандылығын қамтамасыз ету үшін тәжірибелі қызметкерлерден құралған жедел тергеу топ жасақталды.

    21 жастағы Нұрайдың өлімі: Шымкент қаласы ПД бастығы мен бірқатар қызметкер жұмыстан босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.