Шымкентте жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласты: 40 жастағы ер адам көз жұмды
Опубликовано:
Читать на русском
Шымкентте жол-көлік оқиғасының соңы жаппай төбелеске ұласты. Желіде оқиға орнында түсірілген кадрлар тарады. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Шымкентте болғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға туралы ақпарат және төбелес кезінде түсірілген видео Telegram желісіндегі Egov.press арнасында жарияланды. Онда Шымкенттегі Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында он шақты адамның қатысы бар әдеттегі жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласқаны туралы айтылған.
"Екі автокөлік соқтығысқаннан кейін, жанжалға үшінші көліктегілер араласқан. Салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды; олардың бірі бірнеше жерінен пышақ жарақатын алды, ал екіншісін күшпен қала сыртына алып кеткен, кейін оның денесі табылды", - делінген бейнежазба сипаттамасында.
Шымкент полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне оқиғаның болғанын растап, 40 жастағы қала тұрғынының өліміне қатысы бар күдіктілерді іздестіріп жатқанын хабарлады.
"20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жүргізушілер мен автокөлік жолаушыларының арасында жанжал туып, салдарынан кейбірі пышақ жарақатын алды. Зардап шеккендердің бірі көз жұмды.
Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шымкент полиция департаменті күдіктілерді іздеп-табу және ұстау үшін барлық қажетті шараны қабылдауда", - делінген хабарламада.
Күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-тергеу іс-шараларына қалалық полиция департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2333785-shymkentte-zhol-kolik-oqigasy-zhappai-tobeleske-ulasty-40-zhastagy-er-adam-koz-zhumdy/