jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте жолдағы бұзақылық пен кісі өліміне қатысты күдікке ілінген төрт адам ұсталды

    абақты
    Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін болған төбелес салдарынан бір адам көз жұмды. Бұзақылық және адам өлімі фактілері бойынша іздеуде болған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталды.

    "Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.

    Аталған жайт бойынша "адам өлтіру", "бұзақылық" және "адам ұрлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

    Күдіктілерді анықтап, ұстау мақсатында полиция департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

    Шымкентте жолдағы бұзақылық пен кісі өліміне қатысты күдікке ілінген төрт адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.