jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте жолда болған жанжал: дәрігерлер тағы бір адамның өлімі туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

    медицина қызметкері
    Медицина қызметкері. Көрнекі фото: Marcus Brandt/picture alliance via Getty Images

    Шымкентте адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасынан кейінгі жаппай төбелес туралы желіде жаңа жазба жарияланды. Онда тағы бір адамның ауруханада көз жұмғаны айтылған. Дәрігерлер бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ OTYRAR-ға сілтеме жасап.

    Басылымның Шымкент денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

    Басылым мәліметінше, 1990 жылы туған жәбірленуші ауыр халде №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

    "Науқас сол жақ кеуде тұсынан пышақ жарақатын алды. Оған шұғыл ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде интенсивті терапия қабылдап жатыр", - деп түсіндірді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

    Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.

    Аталған жайт бойынша "адам өлтіру", "бұзақылық" және "адам ұрлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

    Келесі күні бұзақылық және адам өлімі фактілері бойынша төрт күдікті ұсталды.

    Полиция қызметкерлері оларды уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

    Шымкентте жолда болған жанжал: дәрігерлер тағы бір адамның өлімі туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.