jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың өлімі: шара қолданбаған полиция қызметкерлері қалай жазаланады

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов сенат кулуарында 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Күдікті қамауға алынды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды және оның берген айғақтары оқиға орнында тексерілді. Күдікті соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды", - деді Санжар Әділов.

    Оның айтуынша, қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу шаралары, істің мән-жайы бойынша жан-жақты, объективті және толық сараптама жүргізіледі.

    "Өздеріңіз білетіндей, тергеп-тексеруді Шымкент полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізуде. Бұл іс бойынша орталық аппараттан – қылмыстық полиция департаментінен және тергеу бөлімінен тәжірибелі басшылар тобы Шымкентке жіберілді. Біз тергеуді жіті бақылауда ұстап отырмыз", - деді ол.

    Санжар Әділов аталған оқиғадан кейін президенттің тапсырмасына сәйкес, ішкі қызметтік тексеру жүргізіліп, Шымкент полиция департаментінің бастығына тәртіптік шара қолданылғанын айтты.

    "Шынында да, БАҚ-қа түсініктеме бергеніміздей, қызметтік тексеру нәтижелері бойынша, президенттің тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі Шымкент полиция департаментінің бастығына тәртіптік шара қолданды, ол қызметінен босатылды. Оның бірінші орынбасары да қызметінен босатылды", - деді вице-министр Санжар Әділов.

    Вице-министрдің айтуынша, арыз қабылдамаған полиция қызметкерлерінің салғырттығына қатысты да іс қозғалды. Іс қозғау бойынша шара қолданбаған және жәбірленушінің шағымын қарамаған лауазымды тұлғалар да қызметінен босатылды.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте 21 жастағы қыздың пышақ жарақатынан қаза тапқаны, күдіктінің іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.

    Кейін күдікті қала аумағынан 10 шақырым жерде ұсталды.

    Сот санкциясымен ол қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

    Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың өлімі: шара қолданбаған полиция қызметкерлері қалай жазаланады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.