jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Орынбасары ұрған": Қарағандыда Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев төбелесте зардап шекті

    Серік Сәпиев
    Серік Сәпиев. Фото: facebook.com/karsportpress

    Мессенджерлерде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы төбелес туралы хабарлама тарады. Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Хабарламада төбелес салдарынан Серік Сәпиев жарақат алғаны айтылған.

    Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 42 жастағы Қарағанды тұрғынының шағымының негізінде ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінің ғимаратында екі адамның арасында жанжал туғаны анықталды.

    Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.

    Облыстық полиция департаменті тергеу мүддесіне байланысты басқа ешқандай ақпаратты жария етпейді.

    Айта кетейік, Серік Сәпиев 42 жаста. Қазір ол Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады. Ол – 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы.

    Ал оның орынбасары Дәурен Есімханов самбодан Азия және әлем чемпионы.

    "Орынбасары ұрған": Қарағандыда Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев төбелесте зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.