jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Желіде Серік Сәпиев пен орынбасарының арасында болған жағдайға қатысты бейнежазба тарады

    Серік Сәпиев
    Серік Сәпиев пен орынбасары арасында болған жағдай. Видеодан кадр: t.me/myastanacity

    Желіде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасындағы төбелестен бейнежазба делінген видео тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео Telegram желісіндегі "Астана - Что? Где? Когда?" арнасында жарияланды. Кадрдан костюм киген ер адамның (болжам бойынша Серік Сәпиев) кабинетке кіріп бара жатқанын, содан кейін сол кабинеттен тон киген әйел, артынан тағы бір әйелдің шыққанын байқауға болады.

    Содан кейін есік ашылады. Іш жақта екі ер адам жаға жыртысып жатқаны көрінеді. Кейін біреуі кабинеттен жүгіріп шығады, екіншісі оны қуып келіп, есікті тебеді (болжам бойынша Дәурен Есімханов). Ол жердегі қағазды көтеріп алып кабинетке оралады. Серік Сәпиевке ұқсас ер адам кабинетке қайта келеді де есіктің тұтқасын тартып ашпақшы болады. Есікті әрі-бері жұлқып көреді, бірақ есік жабық тұрғанын көреді.

    Артынша сол жерге бірнеше қызметкер келеді. Оларға есік ашылады. Барлығы кеңсеге кіреді. Еденде пиджак жатқанын көруге болады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев төбелесте зардап шеккені туралы хабарланған болатын.

    Полиция 42 жастағы Қарағанды тұрғынының шағымы бойынша барлық мән-жайды анықтап жатқанын мәлім етті.

    Желіде Серік Сәпиев пен орынбасарының арасында болған жағдайға қатысты бейнежазба тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.