Қарағанды облысының әкімдігі "Серік Сәпиев жарақат алды" деген төбелеске қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Читать на русском
Қарағанды облысының әкімдігі өңірдің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына қатысты жанжалға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Спорт басқармасы басшылығына қатысты оқиға туралы ақпаратқа байланысты айтарымыз – басқарма қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылданады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев төбелесте зардап шеккені туралы хабарланған болатын.
Полиция 42 жастағы Қарағанды тұрғынының шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталып жатқанын мәлім етті.
Одан бөлек желіде Серік Сәпиев пен орынбасарының арасында болған жағдайға қатысты бейнежазба тарағанын жазғанбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2334875-qaragandy-oblysynyng-akimdigi-serik-sapiev-zharaqat-aldy-degen-tobeleske-qatysty-pikir-bildirdi/