"Ешкім ешкімді ұрған жоқ": Серік Сәпиевке қатысты жанжалдың неден туындауы мүмкін екені айтылды
Опубликовано:
Читать на русском
Азия дзюдо одағы президентінің кеңесшісі және Астана дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов Серік Сәпиевке қатысты дауға пікір білдіріп, жанжалдың неден туындауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Мен жаңа ғана Серік Сәпиевпен сөйлестім. Оның орынбасары Есімхановпен болған жанжал тек жұмыс мәселесіне, яғни қажетті құжаттарды беруден бас тартуға байланысты туындаған.
Физикалық күш қолданылғаны туралы қандай да бір ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешкім ешкімді ұрған жоқ. БАҚ өкілдерінен мұндай қауесеттерді таратпауды сұраймын.
Қазіргі уақытта жағдай толық реттелді, тараптар өзара түсінісіп, мәселе шешілді", - деп жазды Айдар Махметов өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болып, Сәпиевтің дене жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған еді.
Полиция 42 жастағы Қарағанды тұрғынының шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.
Кейінірек әлеуметтік желіде Сәпиев пен орынбасарының арасында болған жанжалдың видеосы тарады.
Сондай-ақ бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері пікір білдірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2334923-eshkim-eshkimdi-urgan-zhoq-serik-sapievke-qatysty-zhanzhaldyng-neden-tuyndauy-mumkin-ekeni-aityldy/