Астанада мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталған судья қызметінен босатылды
Опубликовано:
Читать на русском
Жоғарғы Сот Кеңесінің баспасөз қызметі өткен қарашада мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынған астаналық судьяға тағайындалған жаза туралы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы шешімімен Астана қаласы азаматтық істер бойынша ауданаралық сотының судьясы А.К. Досаева судья этикасы нормаларын бұзғаны үшін судья қызметінен босату түріндегі тәртіптік жазаға тартылды", - деп хабарлады Жоғарғы Сот Кеңесінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның Instagram желісіндегі парақшасында хабарланғандай, Сот жюриінің қарауына 10 судьяға қатысты 11 тәртіптік материал енгізілді. Бір судьяға қатысты екі тәртіптік материал бір тәртіптік іс жүргізуге біріктірілді.
Қарау нәтижелері бойынша 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде төртеуі – сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзуға жол бергені үшін (үш судьяға ескерту, бір судьяға сөгіс түріндегі тәртіптік шараларқолданылды), екеуі – судья әдебі талаптарын бұзғаны үшін (екеуіне де судья қызметінен босату түріндегі жаза қолданылды).
Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде желіде Астанада судьяның мас күйде көлік жүргізіп ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Полиция мен сот бұл жағдайға қатысты жауап берді.
Іс Бас прокуратураға берілді, ал ведомство Тоқаевқа судьяны жауапкершілікке тарту туралы өтініш жіберді.
7 қарашада Астана соты тілшіміздің сауалына берген жауабында судья Жоғарғы Сот Кеңесі тиісті шешім қабылдағанға дейін өзінің қызметтік міндетін орындауды жалғастырғанын мәлімдеді.
Жақында оған 200 АЕК немесе 786 400 теңге айыппұл салынғаны туралы да хабарланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2334926-astanada-mas-kuide-kolik-zhurgizgeni-ushin-ustalgan-sudia-qyzmetinen-bosatyldy/