jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Семейде полиция көліктерін өртеп жіберді деген тұрғын қамауға алынды (видео)

    көліктер
    Өртенген көліктер. Видеодан кадр: instagram.com/oo_osa_semey__vko

    Семей қаласының Юность ауданында екі көлік өртеніп кетті. Куәгерлер өрт қасақана қойылғанын айтуда. Абай облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде Семейдегі Юность ауданында екі көліктің өртеніп кеткені туралы видео тарады.

    Абай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 2026 жылдың 25 қаңтарында сағат 18:10-да бұрын сотталған 66 жастағы жергілікті тұрғын полиция бөлімшесінің жанында мас күйде заңсыз әрекет жасады – ол полиция қызметкерлеріне тиесілі Chevrolet Cobalt және Changan көліктерін өртеп жіберді.

    Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Семейде полиция көліктерін өртеп жіберді деген тұрғын қамауға алынды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.