jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Жетім қыздың қол-аяғын байлап қойған": Таразда желіде тараған фотоға қатысты тергеп-тексеру басталды

    қолы байланған қыз
    Қол байланған қыз. Көрнекі фото: Compassionate Eye Foundation/Getty Images

    Желіде қол-аяғы байланған, ауызына скотч жабыстырылған қыздың фотосы тарады. Кадр Таразда түсірілген. Жағдайға қатысты полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Instagram желісіндегі "Письма президенту" паблигінде қол-аяғы байланған қыз түсірілген кадрлар жарияланды. Автордың айтуынша, кадрлар Таразда түсірілген.

    "Желіде Таразда жетім қызды қол-аяғын байлап тастағаны туралы жазба мен фото таралуда. Бұған дейін апалы-сіңлілі екі қыз бірнеше жыл бойы адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келгені және құлдықта болғаны туралы ақпарат тараған еді", - делінген жазбада.

    Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 110-бабы (Азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

    "Қазіргі уақытта қажетті кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері істің мән-жайын мұқият тексеруде. Толық және жан-жақты тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

    "Жетім қыздың қол-аяғын байлап қойған": Таразда желіде тараған фотоға қатысты тергеп-тексеру басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.