jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс жабық сот отырысында қаралады

    Ержан Бабақұмаров
    Ержан Бабақұмаров. Фото: primeminister.kz

    Астана соты Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты соттың алдын ала тыңдауында істі жабық сот отырысында қарау мәселесін қарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін Астанада Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта істі алдын ала тыңдау басталды.

    Зардап шеккен тараптың адвокаты істі жабық отырыста қарауға ауыстыру туралы өтініш берді – бұл алдын ала тыңдауға да, негізгі сот отырыстарына да қатысты.

    Бабақұмаровтардың адвокатының айтуынша, істің егжей-тегжейін білмеуге тиіс марқұмның кәмелетке толмаған балалары бар. Сонымен қатар марқұм мемлекеттік қызметкер болғандықтан, оған қатысты ақпарат құпия болуы мүмкін.

    Сот отырысына қатысушылардың бәрі, соның ішінде айыпталушы да, өтінішті қолдады. Кеңесетін бөлмеден келген соң судья өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдады, бұдан былай іс жабық отырыста қаралады.

    Іс бойынша сотталушы Е.К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша айыпталуда.

    Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс жабық сот отырысында қаралады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.