Адвокат Шымкенттегі кісі өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысты мәлімдеме жасады
Опубликовано:
Читать на русском
Адвокат Талғат Есімов қоғамда резонанс тудырған Шымкенттегі төбелес пен кісі өлімі бойынша қозғалған іске қатысы бар күдіктілер қылмысты алдын ала жоспарлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Өткен аптада желіде Шымкенттегі жол-көлік оқиғасы кезінде түсірілген видео тарады, ол қайғылы жағдаймен аяқталған еді. Алдымен екі көлік соқтығысқан, кейін жол-көлік оқиғасы болған жерге үшінші көлік келген. Салдарынан бір адам бірнеше жерден пышақ жарақатын алды, ал екіншісін күдіктілер күштеп қала сыртына апарған, кейін оның денесі табылды.
Зардап шеккен тараптың адвокаты Талғат Есімов "күдіктілер адам өлтіруге алдын ала дайындалған" деп санайды.
"Барлық БАҚ төбелеске жол ережесін бұзу себеп болғанын хабарлап жатыр, бірақ жол ережесінің бұзылуы тек сылтау болды, ол жерде ешкім көлігі туралы ойлаған жоқ. Нысанада Василий Колесников болды (қала сыртында өлтірілген адам – редактордың ескертпесі), оны күштеп әкетіп, өлтіруі керек еді және олар солай істеді", - деп мәлімдеді заңгер.
Есімовтың сөзінше, полиция қызметкерлері кәсіби әрекет етіп, бір тәулік ішінде төрт адамды, ал кейін тағы үш адамды ұстады. Тағы бір күдікті әлі іздестірілуде.
"Менің ойымша, ол адамдардың озбырлығы қоғамымызға қауіп төндіреді, ал президенттің ұстанымы – заң және тәртіп. Сондықтан сот процесін ашық өткізу маңызды, ал біздің ұстанымымыз – өмір бойына бас бостандығынан айыру. Мұндай адамдарға біздің қазіргі қоғамда орын жоқ", - деп түйіндеді сөзін Есімов.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиғаға қатысты "Кісі өлтіру", "Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық" және "Адам ұрлау" баптары бойынша үш қылмыстық іс қозғалды.
Тергеуді Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты бақылауға алды, ал қылмыстық полиция, тергеу департаменті және ішкі қауіпсіздік департаментінің басшылары Шымкентке жіберілді.
Айта кетейік, төбелесте зардап шеккен бір адам жансақтау бөлімінен хирургиялық бөліміне ауыстырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2336021-advokat-shymkenttegi-kisi-olimimen-aiaqtalgan-zhappai-tobeleske-qatysty-malimdeme-zhasady/