"Тексеріс басталды": туризм және спорт министрі Серік Сәпиевке қатысты жанжалға пікір білдірді
Опубликовано:
Читать на русском
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкімет үйіндегі брифингте Қарағандыда болған Серік Сәпиев пен орынбасары арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналистер жанжал аясында аймақтағы спорт саласында кемшіліктер байқалғаны туралы ақпарат тарағанын атап өтті. Олар бұл мәселе бойынша "тексеріс жүргізіле ме" деп сұрады.
"Әкімдікте болған жағдай бойынша тексеріс басталды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өз бағасын береді. Қазір уәкілетті орган тексерісінің жауабын күтіп отырмыз.
Қарағанды облысы туралы айтар болсақ, Серік Сәпиев – Олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионы. Уәкілетті органдар өз бағасын береді. Бірақ, жалпы алғанда, ол өзіне жүктелген міндеттерді толық орындайды. Ал болған жағдайға әкімдік пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі баға береді", - деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болып, Сәпиевтің дене жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған еді.
Полиция 42 жастағы Қарағанды тұрғынының шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.
Кейінірек әлеуметтік желіде Сәпиев пен орынбасарының арасында болған жанжалдың видеосы тарады.
Сондай-ақ бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері пікір білдірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2336099-tekseris-bastaldy-turizm-zhane-sport-ministri-serik-sapievke-qatysty-zhanzhalga-pikir-bildirdi/