jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада "7-20-25" бағдарламасымен үй алып беремін деп 25 адамның қаражатын иемденген адам сотталды

    Ақша және үйдің моделі
    Ақша және үйдің моделі. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астанада желі қолданушыларын ипотекалық бағдарламамен баспана алып беруге көмектесемін деп алдап, олардан ірі көлемде қаражат алып, өз міндеттемесін орындамаған ер адам сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

    Прокуратура мәліметінше, сотталған 30 жастағы ер адам 2021–2025 жылдар аралығында Instagram желісінде өзін адамдарға ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтарды алдап, олардың ақшасын иемденген.

    "Ол "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсыну сылтауымен азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражат аудартқан. Алайда міндеттемелерін орындамай, ақшаны өз қажетіне жұмсаған", - дейді прокуратура өкілдері.

    Оның қылмыстық әрекетінен 25 адам зардап шеккен, ал келтірген жалпы шығын 95 млн теңгеден асты.

    Сот айыпталушының кінәсін мойындауын, кәмелетке толмаған баласының болуын, залалдың бір бөлігін өтегенін және жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Прокурорлар желіде алаяқтардың сөзіне алданып қалмауды, барынша сақ болуды ескертті.

    Астанада "7-20-25" бағдарламасымен үй алып беремін деп 25 адамның қаражатын иемденген адам сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.