ҰҚК Іле ауданы әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаевтың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді
Опубликовано:
Читать на русском
Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері Алматы облысы Іле ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Қуат Ақшабаевтың ұсталғаны туралы желіде жарияланған ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаевты 28 млн теңге пара алды деген күдікпен ұстады", - делінген Telegram желісіндегі Egov.press арнасы жариялаған жазбада.
Кейінірек пара сомасы шамамен 323 млн теңге болуы мүмкін екені хабарланды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, олар бұдан басқа қосымша ақпарат беруден бас тартты.
Сондықтан шенеуніктің шынында ұсталған-ұсталмағаны, оған қандай бұлтартпау шарасы таңдалғаны, қандай бап бойынша айып тағылғаны, сондай-ақ істің басқа да мән-жайы белгісіз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2336534-uqk-ile-audany-akimining-orynbasary-quat-aqshabaevtyng-ustalgany-turaly-aqparatqa-qatysty-tusinik-berdi/