jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қонаев қаласында тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды (видео)

    Қонаев қаласындағы жарылыс болған үй
    Қонаев қаласындағы жарылыс болған үй. Кадр видеодан алынды: instagram.com/112kzalmatyobl_tjd/

    Алматы облысы Қонаев қаласында бүгін түрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Алматы ТЖД берген хабарламасына сай, 4-қабаттағы пәтерде газ-ауа қоспасының жарылыс болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, бүгін, 28 қаңтарда Алматы облысының 112 пультіне Қонаев қаласында орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің 4 қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының жарылысы болғаны туралы хабарлама түскен.

    "Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде жұмылдырылды.

    Жарылыс нәтижесінде бөлмеаралық қабырғаларына, сондай-ақ пәтер мен подъездің есік және терезе саңылауларыны зақым келген. Екі адам зардап шегіп, Қонаев қалалық аудандық ауруханасына жеткізілді. Ашық өрт тіркелген жоқ.

    Тұрғындарды жылыту мақсатында оқиға орнына вахталық автокөлік жіберілді. Сондай-ақ тұрғындарға психологиялық көмек көрсету үшін психолог маман тартылды, аумақты полиция қызметкерлеріммен оқшауланды", - делінген хабарламада.

    Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД-ның 19 қызметкері және 5 техника бірлігі жұмыс жүргізген.

    Сондай-ақ аталған тұрғын үй орталық газбен жабдықталғаны, алайда жарылыс болған пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылғаны да туралы айтылды.

    Осыған орай, Алматы облысының ТЖД тұрғындарға ескерту жасады.

    "Екі қабаттан жоғары көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллондарын пайдалануға тыйым салынатынын еске салады", - делінген хабарламада.

    Қонаев қаласында тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.